Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  133


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Жыр жазамын теңізге ай сәулесін шаққпнда...

Жыр жазамын теңізге ай сәулесін шаққпнда,
Таңғажайып табиғат түнге құлаш ашқанда.
О,қалқатай, қайдасың неге сонша күттірдің,
Мына жолмен қос құс боп ұшсақ деп ем аспанға?!
Жыр жазамын теңізден ай сәулесін көргенде,
Тыңдап көрші сенбесең ән салып тұр жел сен деп.
Айналайын қарғам-ау, неге мұнше кешіктің.
Мен сені іздеп Атырау жағасына келгенде.
Жыр жазамын теңізге Ай сәулесін төккенде,
Шабыттанар осындай әсем шақтар көп менде.
Талай бал қыз секілді қол бұлғайды толқындар,
Қалай жалғыз, япырмай, отырамын көктемде !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу