Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  108


Автор: Шабаз Иманалиев

БАЛАЛАРДЫҢ АТЫНАН

Мен – Тараспын!
Атымды Ағам қойған,
Жан азығын толғанып алам ойдан.
Жаман болып жүрмеспін бұл өмірде,
Ағам – ұстаз «жақсы» деп баға қойған.
Мен – Гүлзипамын!
Әкем ғой тентек еткен,
Және Анам ғой дүниеден ерте кеткен.
Шытынаймын шыныдай орынымен,
Сондықтан да Ақ Папам еркелеткен.
Мен – Тілекпін!
Ата-анам тілеп алған,
Әкем айтқан «Сенсің, – деп, – тілек-арман».
Және де айтқан: «Сен елге күлкі болма,
Жыртық жұртқа жыртылып күле қалған!».
Мен – Жанайдармын!
Әлемге таңданыспен қарай қалған.
Әкем менен не күтті шаршап жүріп,
Кеш болса да кейіндеу абайлармын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу