Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
111
Сақтай алмас барлығы – жан жиылып...
Сақтай алмас барлығы – жан жиылып,
Мен өлермін миыма қан құйылып.
Достарға да, туысқа сәлем айтпай,
Жүре берем сол күнде жанды қиып!
Жанды қиып, кетермін мен келмеске,
Бірдеңе қып жерлер-ау, ел емес пе?!
Әзіліммен көп жүріп кенелтіп ем,
Соның өзі ерлікке тең емес пе?!
Шын ниетпен халқыма қызмет қылдым,
Обалына қызмет қалды жырдың.
Құдай берген талантты елемеп ем,
Шыға келдім бірі боп көптің ырғын.
Ырғын көптің бірі боп шыға келдім,
Бірақ жұрттың көп мұңын ұға білдім.
Мен өлмеймін миыма қан құйылып,
Ажалынан өлермін Құлагердің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter