Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
89
Өмір берген бақытқа...
Өмір берген бақытқа,
Мас күнімді сағындым.
Айырбастамас жақұтқа,
Жас күнімді сағындым.
Басылмай қалған қырларым,
Терілмей қалған гүлдерім,
Айтылмай қалған сырларым,
Жанымды қинап жүр менің.
Жазылмай қалған жырларым,
Желге ұшқан алау-ойларым,
Зымырап өткен жылдарым,
Өзімсіз өткен тойларым.
Кешілмей қалған көк шалғын,
Орындалмаған көп арман.
Батасын алған көп шалдың,
Өзім де шал боп оралғам.
Тартылмай қалған көп күйім,
Шырқалмай қалған әндерім.
Шешілмей қалған көп түйін,
Алдымда әлі бар ма едің?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter