Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  121


Автор: Шабаз Иманалиев

Ей, жамағат, бәрің де ақылдысың...

Ей, жамағат, бәрің де ақылдысың,
Алыстарым және де жақын кісім.
Есеп берші алдында ақ арыңның,
Ең әуелі өзіңе мақұлмысың?
Айтшы әуелі,
Өзіңе ырзасың ба?
Тек қана құрғақ сөзге мырзасың ба?
Ауыса ма біреуге игілігің,
Жақсылығың қала ма бір басыңда?
Сен оны «Жақсылық» деп білесің бе?
Иінің бүтін, тамақ тоқ, күлесің де.
Жүйрік мініп, әркімге иттік қылып,
«Өзгеден артықпын» деп жүресің де...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу