Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
102
АҚ ЖАЙЫҚ
Лепірмейсің, аптықпайсың толқыныңды сапырып,
Жай ағасың, жарқылдайсың жүзің күлкі шақырып.
Күлімдейді күн сәулесі әзілдесіп өзіңмен,
Дірілдейді мөлдіріңе нәзік саусақ батырып.
Жағаңа тек келе бергім, келе бергім келеді,
Толқыныңа жай ілесіп, ере бергім келеді.
Айдыныңнан – аппағыңнан бір жылылық сезем де,
Әр уақыт көре бергім, көре бергім келеді.
Жағаңа кеп, ұйқылы-ояу текке бекер тұрмаймын,
Сыңғырыңды, нәзік сырлы өз үніңді тыңдаймын.
«Жан сырыма жақын болшы, жүрегімде тұрмай мұң,
Ақ Жайықша сұлу бол» деп сезімімді шыңдаймын.
Қандай ұлық, қандай ақын саған құшақ жаймады,
Ерке самал, сылаң қайың – қылығыңа сай бәрі.
Қарап тұрсам бар патшалық өз бойыңда, Ақ Жайық,
Мейірбансың туған елдей, шат өмірдей жайдары.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter