Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
95
Қателер өтіпті ғой
Қателер өтіпті ғой
Осынша аз жасымда.
Тентектік өтіпті ғой
Бұзықтық болмаса да.
Арманым алдымдағы
Есімде көп екен ғой.
«Жырларым жадымдағы
Еліме» деп өтем ғой.
Достарым, көңіліме
Қарама, қатем болса.
О да бір өміріме
Дос емес, бөтен болса.
Мезгілсіз түсіндім мен,
Тістедім бармағымды.
Өзімнен ысырдым мен,
Танымай арманымды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter