Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
107
МЕН ЖОЛДА КЕЛЕМІН
Әсте бір көңілім толмайды,
Өзгеге, өзіме.
Бұл күндер сылбырды күтпейді,
Өтеді тізіле.
Білемін – алыста аңсарым,
Алыста, бұл неге?
Күтпеймін сондықтан таңсәрін,
Жүремін түнде де.
Атады назданып таң күліп,
Тал желпіп желегін.
Адамның жолы ұзақ – мәңгілік,
Мен жолда келемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter