Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  91


Автор: Шабаз Иманалиев

АДАМДАР

Адамдар, қатарда келеміз,
Арманның ақ туын көтеріп.
Өзара ыстықпыз неге біз,
Неге ыстық біздегі от-ерік?
Адамды қойды екен не теліп,
Күлсеңдер, күлкім бар ұсынар.
Қиналсаң біреуің жөтеліп,
Мен өзім аурудай қысылам.
Өмірде бар шығар сан ғашық,
Сен барсың, бауырың бар, анаң бар.
Адамдық жүрекпен жалғасып,
Өтеміз екен ғой, Адамдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу