Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
119

Көп таптым, мен достарды көп іздедім...
Көп таптым, мен достарды көп іздедім,
«Әйтеуір жүрген жан ғой» дегізбедім.
Кей мезгіл досқа деген сезімімнен
Тайыз боп кететін-ді теңіз менің.
Әр жаққа асау жылдар алып қашып,
Кеттіңдер, отты армандар, толып-тасып.
Сендермен сырға толған, жырға толған
Кең сарай кеудемдегі қалыпты ашық.
Қызық күн, сиреп кеттің, бір-бірледің,
Күй-кеудем күмбірлемей, міңгірледің.
О, достар, сендерменен өткізген күн
Көзімнен ұшып жүр ғой бұл-бұл менің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇