Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  82


Автор: Шабаз Иманалиев

МЕНІҢ ЕЛІМ

Жарқырап көтерілген көгіне күн,
Көрмеген қонақ болып жеріне мұң.
Әр жанның көкірегін қуанышқа
Толтырған, о, ғажайып менің елім!
Жаралдым қасиетті топырағыңнан,
Сенен бір жырақ ойда отыра алман.
Өзіңнен шыған шығып, бөлек кетсем,
Жоқ менде қисық қиял, соқыр арман.
Жап-жарық бүгінімде ана айым да,
Қол созып, көк жұлдызын алмайын ба?!
Өйткені, мейірімі мол, о, туған ел,
Жып-жылы алақаның маңдайымда.
Адамзат тыныштығы ескерерің,
Жаныммен бар жақсыңды қош көремін.
Кәдімгі Атыраудан тайыз болса,
Өзіңдік сезімімді кешпе менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу