Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  122


Автор: Шабаз Иманалиев

Алуан сезім ойнақ салса кеудемде...

Алуан сезім ойнақ салса кеудемде,
Мұң мен шаттық сан ауысып бір демде;
Еркелігім тентектікке ұласып,
Ақылымды көлеңкелеп келген бе?!
Мен де – өзіңнің кенже балаң, замана,
Бірақ жасық, әлсізіңе санама.
Мен де сенің ағыныңда келемін,
Жолаушы емен жалғыз қалған жағада.
Жан емеспін уайыммен жүдеген,
Ұлың ем бір ойға қанат білеген.
«Өлең деген үлкен дастан ішінде
Болсам, – деп ем, – қарапайым бір өлең».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу