Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  113


Автор: Шабаз Иманалиев

«Қарағым, күле білсең, күрсіне біл!» –

«Қарағым, күле білсең, күрсіне біл!» –
Дей ме екен кей уақытта шіркін өмір?!
Кей сәтте күз күніндей қоңыраям,
Кей сәтте қанат бітіп сілкінем бір.
Келсе де орынына әр күнгі ісім,
Жанымды түсінбейтін бар бір кісім.
Мұңы бар, шаттығы бар бұл кеудемнің
Сәулем, сен өзім дей бер алдыңғысын.
Ал бірақ «Жасықтыққа қалар көніп»,
Демессің сәл мұңайған жанар көріп.
Несі бар, салғаныңды көтерермін,
Келдік қой дүниеге адам болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу