Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
88
Шалқар дала, ақ айдын...
Шалқар дала, ақ айдын,
Төсіңе толқып қараймын.
Жаныма сырлар құйшы бір,
Сырласуға жараймын.
Қайда әлгі тентек бораның?
Құмар боп саған барамын.
Тынымсыз едім өзім де,
Сезімді соған орадым.
Қарыңды үрле, төк, мейлің,
Соның да маған көп мейірім.
Қайратыңды бер маған,
Мен-дағы тыныш өтпеймін.
Қарайсың ғой жайдары,
Қаһарлы қыстың аймағы.
Құшақтап сүйші өзімді,
Қанатыңды жай-дағы.
Болмашы жуас, мүләйім,
Күреспен өтсін жыл, айым.
Жанымда дүлей,
Қалайша
Жайбарақат тұрайын?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter