Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
126
ҚЫС КӨРІНІСІ
Жанымдай сүйем сені ақ қарлы қыс,
Ашулы, долы мінез, ақпанды қыс.
Кіршіксіз сезімімдей жарқылдайды
Шашылып ой мен қырда жатқан күміс.
Асқарлы маңғаз таудың иығынан,
Асылып Күн күледі миығынан.
Кеудеңде бір керемет күй ойнайды,
Дүние тынысынан құйылып ән.
Ой ойлап қалың орман қарағайлы,
Жан-жаққа елең етіп қарамайды.
«Қай жерден өтемін, – деп, – бір-ақ қарғып?»,
Бұраң жол өзен жарын жағалайды.
Қарменен аударысып жел барады,
Кейітті-ау бұрқандырып кең даланы.
Табиғат, жүрегімді селт еткіздің,
Тоса бер, маған қымбат нең бар әлі?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter