Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  96


Автор: Шабаз Иманалиев

КҮНДЕР

Күндер, неткен жүйрік ең зырылдаған,
Қалайша еленбеген бұрын маған?
Доп қуған бала едік қой кеше ғана,
Япырмау, сол мезгілді кім ұрлаған?!
Кей ғажап сырларыңды аңдап қалам,
Арнайды әрбір атқан таң бақ маған.
Көңілінің шарықтатпай қарлығашын,
Әр уақыт бір орында қалмапты адам.
Өмірім жақсылығын тарта беріп,
Бізде ғой шат қылық пен дарқан ерік.
Әр күннің қуанышын, қызықтарын,
Дариға-ай, өтсем екен сарқа көріп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу