Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
168
Күйіндей домбыраның саңқылдаған...
Күйіндей домбыраның саңқылдаған,
Үніңді мендей сүйіп кім тыңдаған?!
Әсем би көрінетін әр қимылың,
Ән болып естілетін күлкің маған.
Нұр емес, қар жауды ғой қабағыңнан,
Мұз болып, көкірегімді жара қылған.
Ақ гүлін арманымның желге ұшырдың,
Дәм татпай адалымнан, таза арымнан.
Жанымның желге ұшырып асылдарын,
Қураттың жүрегімнің жасыл бағын.
Жалын ем жарқылдаған, мұң бердің де,
Сұлу қыз, жанарымнан жас ұрладың.
Тынышсыз махаббатпен күн өткеріп,
Жүрмін ғой түнеріңкі жүдеп келіп.
Табиғат сезімге сор болған неге,
Өзіңе қара тастан жүрек беріп?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter