Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  115


Автор: Шабаз Иманалиев

О, жаным, жүрегімнің күн-айнасы...

О, жаным, жүрегімнің күн-айнасы,
Қуаншы, мен тұрғанда мұңаймашы.
Ақ еркем, бұрынғыша асыр салып,
Шаттанып, жарқыл қағып, күл, ойнашы!
От мөлдір көздеріңнен айналып ем,
Құлпырып, қызғалдақтай жайна кілең.
Далаға қол ұстасып жүгірейік,
Төселген қыр да – кілем, ой да – кілем.
Назданып, таң келді ғой шырайлана,
Сәулешім, көрші міне, гүл айнала.
Жанымды махаббатқа шым батырып,
О, қалқа, шын сезіммен сүй, аймала!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу