Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  114


Автор: Шабаз Иманалиев

КҮЗ

Түйсе де жалбыр бұлтты күз қабағын,
Жайықтың жағасына жүз барамын.
Жатқан жоқ бірақ толқын күліп-ойнап,
Бір түрлі сап-сабырлы ызғар ағын.
Табылмай табиғаттан не керегі,
Ұшпайды гүлге құмар көбелегі.
Ақ қайың сәл ырғала, сыңсып бүрген,
Сарғайтып жапырағын төге берді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу