Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  121


Автор: Шабаз Иманалиев

ОТАНЫМ

Отаным, жайсаң өз елім,
Өзіңде тоңып, күйейін.
Көкорай майсаң, өзенім,
Бәрін де, бәрін сүйейін.
Көркейте берер гүліңді,
Жауының болып төгейін.
Көтерте берші жүгіңді,
«Ауырын бердің» демейін.
Далаңды, қырды жайлайын,
Самалың болып соғайын.
Бұлбұлың болып сайрайын,
Өзенің болып толайын.
Қияға қамдап ұшырар
Қалаулы ұлың болайын.
Болашаққа ұсынар
Аяулы гүлің болайын.
Сеніммен қосар бәйгеге,
Қазанатың болайын.
Еңбекте атын әйгілер
Азаматың болайын.
Тез, ыңғайлы әр кезде
Қолқанатың болайын.
Өзің жайлы әр кезде
Толғанатын болайын.
Дүниедегі ең сенің
Жақының болып өтейін.
Жырыңды жырлап мен сенің,
Ақының болып өтейін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу