Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
111
Барады сансыз өсіп арман алға...
Барады сансыз өсіп арман алға,
Жететін қайрат бар ма, жігер бар ма?!
Уа, өмір, арындаған толқының бар,
Мен онда емен әсте тамшыларға.
Жарқылдап өткізейін жас күнімді,
Дүние, сыйла маған тасқыныңды.
Алайын алдан орап армандарды,
Тамшыңды қой, бер маған тасқыныңды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter