Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
90
Өзіңсің жүрегіме балағаным...
Өзіңсің жүрегіме балағаным,
Аяулы ақ пейілді, анажаным.
Ысытып көкірегімді бара жатыр,
Аялап, мейірім төге қарағаның.
Хат жазып тұрсам-дағы апта сайын,
Сағынып қалыпсың ғой, анатайым.
Тұрмын ғой құшағыңда, бері қарашы,
Көзіңнен жас көрдім бе жазатайым?
Білім ап, оқу оқып келем, міне,
Өмірдің мөлдіріне, тереңіне.
Отыммен бойымдағы ұмтыламын,
Елімнің жарасам деп керегіне.
Сен және қаласаңдар, Отан анам,
Су болып толқындаймын, от боп жанам.
Сеніңіз, ақ сүттерің ақтармын мен,
Жүрмін бе босқа арқалап атын Адам?!
Өзіңсің жүрегіме балағаным,
Аяулы, ақ пейілді ана жаным.
Ысытып көкірегімді бара жатыр,
Аймалап, мейірім төге қарағаның!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter