Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
97
Алғаш рет бір өзіңе жыр еткем
Алғаш рет бір өзіңе жыр еткем
Жан сырымды қайнап шыққан жүректен.
Бір өзіңе табынушы ем жастықпен,
Бір өзіңе жас жүрегім дір еткен.
Тыңдайсың сен айтқанымды қызықтап,
Көрініпті сол минуттар қызық сәт.
Жасың құрдас болғанымен, жаның қарт,
Арамызды кетіпсің ғой тұйықтап.
Тал бойыңнан іздемедім ешбір мін,
Сыйлай білдім, бәрін саған кешірдім.
Айрылыстық енді екеуміз жат болып,
Жүрегімнен кірбіңімді кетірдім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter