Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  130


Автор: Шабаз Иманалиев

ЖҮРЕК-ЖЫР ҚОЗҒАЛАДЫ-АУ ЕЛЕСПЕН ДЕ

Ол кезде екеуміз де жас бала едік,
Дегенмен жүректерді қосқан едік.
Сол бірге болуменен қол ұстасып,
Асуын болашақтың асқан едік.
Ерніме тәтті шырын жағып едің,
От алған лебізіңнен жалын едім.
«Белгісі махаббаттың болсыншы» деп,
Кеудеме қырдың гүлін тағып едің.
Сол гүлден жан сырыңды сезіп едім,
Өзіңнен басқа жаннан безіп едім.
Көзіңе қарай бердім, сен де сөйттің,
Білмедік айырылыстың кезігерін.
Ерніңнен үзбей сүйдім, сөйттің сен де,
Еркелеп ақ қайыңға жел ескенде.
Жоқсың сен құшағымда, қазір жоқсың,
Жүрек-жыр қозғалады-ау елеспен де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу