Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
309
ҚАҺАРМАН ХАЛЫҚ ҚАЙЫСПАС
Тумысы қорыс, ну орман,
Таулары түгел бұп-бұйра.
Өзендер жатыр бұралған
Теңізге беттеп тұп-тұра.
Жазықтар тордың көзіндей
Тоспалар түрлі тоқыған.
Қиын деп соны безінбей,
Дəулетке халқы толтырған.
Қалалар салған самсатып,
Орманның сырып іргесін.
Алмаса өзі аршып тек,
Орынды оған кім берсін!
Ежелгі Вьетнам жері сол
Жапсарлас жатқан теңізге.
Еңбегі еш көптен, тұзы сор
Ел еді мəлім ол бізге.
Өзіне өзін билетпей,
Өзгеден зəбір көп керген.
Қырқысқан қиын күнді өңкей
Басынан бұл да өткерген.
Есіркеп ері өз елін,
Десе енді басын қосайық,
Қорлады кімді сөзі оның?
Қосылса халқы, несі айып?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter