Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
144
ДОСТЫҚ КӨПІРІ
Жөңкіле суы көлбеген
Сабасы толы көк Дунай,
Арада жатып көлденең,
Алғызған емес елге оңай.
Аңсаған екі жағаны
Жалғапты достық көпірі.
Арманыңа ұқсас заманғы,
Аңғара білсең, сол түрі.
Тіреулер өңкей құрыштан
Көріп пе ең көпір сен мұндай.
Сүйсіне қысып тұрысқан
Румын, болгар қолындай.
Дунайдың тұрып үстінде
Суретін сол бір жыр еттім.
Нұр болып құйған ішіме
Жылуын сездім жүректің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter