Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  319


Автор: Ғафу Қайырбеков

МАРАТТЫҢ ТҮСІ

Ертеңгілік үдетіп,
Ұзақ жауды ұлпа қар.
Түс ауа шана сүйретіп.
Дөңге шықты балалар.
Шаршап əбден жығылды,
Үйіне кеп жас Марат.
Көзі ұйқыға жұмылды,
Көңілінде сырғанақ.
...Түс көріпті, түсінде
Тағы шана тебеді.
Қырдан ойға түсерде,
Шана бұрыс жөнелді.
Жығылды ол бір омбы
Қарға түсіп кетті де.
Ғажап! Сол бір қар оның
ыстық тиді бетіне.
– Бұл не қылған ыстық қар,
Мынау екен керемет!
Дегенменен қызық қар,
Ұстап өзін көрер ме ед!–
Деді дағы уыстап,
Қысып қалды қолымен.
Оянды өзі дауыстап,
Түстегі сол ойымен.
Күлді ол енді жымыйып,
Қар–деп білген «ыстығы».
Қасында жатқан бұйығып,
Екен тарғыл мысығы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу