Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  210


Автор: Ғафу Қайырбеков

БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН

Мыңдаған қалам өрнегі түсіп,
Алуан көздің от ізі қалған,
Талайдың басып алақаны ыстық,
Келесі қолға суымай барған;
Маған да жетті сол қағаз қымбат.
Жүректен шықты мызғымас антым.
Қаламның бойын қуалай зырлап,
Құйылды барып қағазға əрпім.
Үндеуден көрді, көзім тез шалып,
Інімнің қолын қойылған шапшаң.
Тұрғандай болды тұтасып, халық
Осынау байтақ астында аспан.
Жалауын бейбіт өмірдің ортақ
Көтеріп қолдан айбарлы үнмен.
Жауыздық үнін жаныша шырқап,
Өзімдей ұлан өмірді сүйген.
Толды бір кеуде сезіммен күшті,
Халықтың алып қайратын көріп.
Келешек маған жымыя түсті,
Өзінің ғажап ісіне сеніп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу