Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
102
1988
Екі сегіз,
Сегіз егіз –
Менің алпыс жылымсың.
Барлық өмірбаяным мен
Бар ақиқат шынымсың,
Кел, кəнекей, бар тамырмен
Барлық қаным жүгірсін.
Ризамын, айналайын,
Əлі, жүрек, шымырсың!
Сибка, Бəдеш,
Деші маған:
Өмір, Ғафу, қызық қой!
Қызықтығын дəлелдеуге
Балапандарың тізіп қой!
Тізіп қой да, қорша мені, –
Тірлік деген сызық қой,
Сол сызықтан
Шығып кетпесін,
Ақын-мінез бұзық қой!
Көпсінбесін
Тағдыр бізше,
Осы дəулет, рақатты.
Рахмет, құдайға да
Бізге бақыт тұрақтатты.
Туған жылым,
Алпыс жасым,
Болсын маған тым-ақ сəтті, –
Ал солайша бұл бокалды
Алды Ғафу, бір-ақ тартты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter