Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  131


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қазақ əлі сүйенген құлағына...

Қазақ əлі сүйенген құлағына,
Надандықтың қалмаған ылаңы ма?
Кім жетісер, кітаптан көзін алмай,
Толық қанбай білімнің бұлағына?!
«Əлəулəймен» əлі əуес қайран бауыр,
Жаман қисын, жадау сөз – болған жауыр.
«Үлкен айтыс», «Бала айтыс», «Шал айтыстар»
Сөз қадірін жей қойды əжептəуір.
Абай, Гете, Шекспир, Байрон, Пушкин –
Пайдаланбас бұл күнде қайырын ешкім.
Қайырылмайтын боп алдық қарындасқа,
«Қайран қойым» деп жүріп, «қайран ешкім».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу