Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
183
«Бар мақсатым – ант пен иман, инабат...
«Бар мақсатым – ант пен иман, инабат,
Мен ешкімге жасағам жоқ қиянат.
Нар жайылған, ер қайырған мекенде
Есек жүрсе, мен емеспін виноват!»
Деп жазғанмын бұдан талай жыл бұрын,
Кейбіреуге келген кезде бір жыным.
Сол келуден кетіп қала жаздағам,
Тағдырымның жинай алмай шылбырын.
Ақын байғұс жүрегіне түсірер
Қай тұста да дəуірінің шындығын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter