Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
123

Ақын
Заманай, сені қайтейін,
Ұстатпайтын сынапсың,
Бір ілгері, бір кейін
Толқисың да тұрасың.
Үйлесуге сенімен
Жүрек қайдан шыдасын,
Арман, үміт, сеніммен
Бос сағымды қуасың.
Кешегі бір əулие
Болып шығып бүгін жын,
Баяны жоқ дүние
Мен амалсыз түңілдім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇