Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  113


Автор: Ғафу Қайырбеков

«ЕЛІМ-АЙ»

Алыстап кеткен жылдардың,
Ақтарып көрсем кескінін
Аяулы сонау ұлдардың
Ақырғы дауысын естимін.
Қосылып бəрі, мүсіндеп
«Елім-айға» басқандай.
Құлаққа біздің тисін деп,
Үдете үнін қосқандай.
Айта алмас ешкім түзетіп,
Атадан көшкен кəрі мүлік.
Жүз келер ұрпақ, жүз кетіп,
«Елім-ай» қалар мəңгілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу