Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
98
Айналдырды бір жылы қырсық мені...
Айналдырды бір жылы қырсық мені...
«Дауыстады, болды енді, тұншық!» – деді.
Қай-қайдағы қалжуыр байланды кеп,
Шырқ айналған тағдырың ұршық па еді?
Кезім еді, көк шыбық бұлғақтаған,
Əлі аңызақ тамырын құрғатпаған.
«Əй, Ғафуға тимеңдер, болмайды» – деп,
Сонда маған болысты бір жақсы адам.
Тік баратын жіберді жолмен нұсқап,
Төніп келген төбеме пəрменді ұстап.
Үлкендерге үлкен іс оңай екен
Жібергендей шіркейді қолмен жасқап.
Сəкен аға, Сені ойлап көңілім жүдеу.
Табылмады-ау саған да сондай біреу.
Əлде өмірден болыстық дəметпедің
Өзің шаңырақ, болған соң өзің тіреу?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter