Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  89


Автор: Ғафу Қайырбеков

Балқарағай, мен саған

Балқарағай, мен саған
Талай сəлем берермін.
Əлі неше мың соғам
Өлкесіне Өрелдің.
Өрел – деген жер аты,
Өрдегі ел ме, ер ел ме?
Көкте оның қанаты,
Тамырлары тереңде.
«Балқарағай – кедрді
Қазақ солай атаған.
Қызық аңыз не түрлі
Қалған сонау атадан.
Қандай тəтті жаңғағы
Таңғы шықпен жуынған,
Шағып жесең бал дəмі
Таңдайыңды суырған.
Азығы екен жұмақтың
Хауанаға сыйлаған,
Биікте өзі бір-ақ тым,
Жерге түспей қинаған».
Сол аңызы халықтың,
Тілден қалған із бəрі.
«Тере-тере жалықтым» –
Депті қордың қыздары.
Хауанаға мұң арнап,
Сонда анамыз күліпті.
Тірлік деген күн барда
Таусылмасын біліпті.
«Кедр кеспе» – десе де,
Тіл алмайды бүгінде,
Кесіп жатыр кешеде,
Тауысады-ау түбінде.
«Азайсынға» ауысқан
Деген тілек «көбейсін»,
Таусылмасты тауысқан
Уақыт, бізге не дейсің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу