Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  90


Автор: Ғафу Қайырбеков

Жіпсітіп түнгі шықты тұнған аппақ...

Жіпсітіп түнгі шықты тұнған аппақ,
Маралдың мүйізіне күн қонақтап,
Ол басын шайқағанда əлдеқалай,
Түсіп қала жаздайды сырғанақтап.
Сол мезетте сəбидің күлкісіндей
Əлдебір үн естіліп, түк түсінбей
Тұрар марал құлағын едірейтіп,
Енді сілкіп мүйізден шық түсірмей.
О, табиғат, не деген, сен данасың,
Жалғыз сəтке үлкейтер өз баласын,
Өзі үнемі тірлікті еркелеткен
Күн де еркелейді екен-ау! – деп қаласың!
Марал сонда көрінер тым зорайып,
Қарқарадай мүйізін күнге жайып,
Өсірудің, өсудің қуанышы
Саған-дағы дарыпты бір ғажайып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу