Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  128


Автор: Ғафу Қайырбеков

Тағы-тағы қарағай...

Тағы-тағы қарағай,
Тағы-тағы күміс шық.
Құлаққа ұрған танадай
Бір ғажайып тыныштық.
Үсті-басы жасыл мүк
Ұйықтап жатқан қой тастар,
Көз айнаңа басылып,
Көңіліңе ой тастар.
Сол тастарды құшақтап,
Тамырымен шырмаған,
Туысқандық сыр сақтап,
Біргелікті жырлаған.
Қарағайлар үнсіз-ақ,
Түрме құлақ, түр мейлі.
Жүрегімді бір сызат,
Бір өкініш билейді.
Күн көреміз біз қайтып,
Кісімін деп, кісі емес,
Жақынмын деп мың айтып,
Бір жақындық істемес...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу