Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  104


Автор: Ғафу Қайырбеков

Күмбір-күмбір жер сөйлеп...

Күмбір-күмбір жер сөйлеп,
Əңгіме айтып жатқандай.
Тау жаңғырса «Қой, сен» – деп,
Кəрің қабақ қатқандай.
Бір қайтарып қоймаса,
Болмайды əке баласын.
Соның өзі ойласаң –
О бастағы жарасым.
Төбесіне көтеріп,
Өсірді оны тау етіп.
Жан-жағына жетерлік
Жақсылықтан дəметіп.
Күннен басқа куə жоқ –
Айналасы тыныштық.
Алса несі, – кінə жоқ,
Оңашада бір ұрсып.
Тау еңсесін түзейді, –
Əлгіден соң сап құрап...
Адамбыз ғой біз енді
Соны естіген сақ құлақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу