Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
97
Ат шаптырым аймақта
Ат шаптырым аймақта
Көркемдіктің көшін көр.
Бармай-ақ қой жұмаққа.
Жұмақ дейтін – осы жер.
«Рахманның қайнары» –
Денсаулықты күзеткен.
Дертің болса қайдағы
Жуған шайған, түзеткен.
Ақсақ-тоқсақ, мешелдер
Сүйектерін сүйреткен,
Кетеді ойнап, келсе егер,
Шу асаудай үйреткен.
Көп кешікпей түс енді,
Сипаласын емші қол,
Құлындағы мүшеңді
Қайта əкеліп берсін ол.
Алтай, Алтай, Алтай-ай, –
Дүние не, жалған не,
Сенде туып, қартаймай
Жүргендерде арман не!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter