Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  251


Автор: Ғафу Қайырбеков

Алина атты немерем бар...

Алина атты немерем бар,
Бар болғаны – алты айлық.
Сəбиге адам неге құмар –
Деу үшін бе – қартайдық?
Ылғи таңда сəби бетін,
Ала сала тұрғызбай,
Жуамын – деп, мен əлекпін,
Əжесі əлек жуғызбай.
«Сенсіз де оны періштелер
Жуып қойған таңында,
Адам ісін теріс көрер
Құдай баққан шағында!»
Айнымайды софыдан тек,
Таң қаламын кемпірге:
«Осы-дағы оқыды-ау!» – деп,
Бір заманда ЖенПИ-де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу