Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2022
151
ЖенПИ – десе, тағы бір той болардай,
ЖенПИ – десе, тағы бір той болардай,
Қопаңдаймын, тұғырыма қона алмай,
Дамыл таппай, дайындалып жатқаным –
Менсіз оның сəні кірмей қалардай.
Əлде мұным – «жаман күйеу қайынсақ»,
Арбасына артып алып барын сап,
Жөнелетін тақиясы шошайып,
Сонау құтты босағаны сағынса-ақ.
Сонда қымбат бардай қимас бір кісім, –
Солай қарай бұрады ылғи күнде ішім.
«Ғафуды əлгі тастамайық!» – дейтұғын
Жігіттердің арқасы ма, кім білсін!
Бардай сонда махаббатым, тұңғышым,
Бардай сонда менің бүтін тұрмысым,
«Ғафуды əлгі тастамаңдар» – дейтұғын
Балдыздардың арқасы ма, кім білсін!
ЖенПИ – десе, тағы қызық болардай,
Тағы маған жас күндерім соғардай,
Əдемі бір əбігерге түсемін.
Сезім деген ғажап екен,
ой, алла-ай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter