Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  90


Автор: Ғафу Қайырбеков

Мен де бір кез көк құмар тұйғын едім...

Мен де бір кез көк құмар тұйғын едім,
Мезгіл желі жолымды қиды менің,
Тұғырымда отыр ем жалқау қарап,
Бір қыз келіп бетімнен сүйді менің.
Əлі сөнбей маздаған ескі күннен,
Оқыды ма бір отты кескінімнен,
Дүр сілкіндім – төбемнен тағы салған
Қырандардың қиқуын естідім мен.
Əрі əдемі, əрі ойлы неткен кеш бұл,
Неткен рақат кетпейтін естен ешбір,
О, тəңірі! – дедім мен, – осындай бір
Оқымысты қыздарды көп кездестір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу