Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  71


Автор: Ғафу Қайырбеков

С-ға

Көкірегімнен жалғыз моншақ
Түссе тамып қағазға,
Асыл құрдас, қуан, боп шат,
Қарамай-ақ көп-азға.
Сонда ақынның ұғынасың
Қанша жақын екенін,
Жерін сұрап неғыласың,
Жүрегіңде – мекенім.
Есту үшін саған берген
Біле білсең – бұл əнім.
Көп «қалқам» мен көп «сəулемнен»
Жалыққанда құлағың.
Жаза баспа жатқа жорып,
Ая құрдас жүрегін.
Лұқсатсыз алмас орып,
Пісті екен – деп бір егін.
Жайқала бер, əзір аман,
Жаздай жастық күніңде.
Орушы адам – іске «маман»
Бір табылар түбінде.
Жаз осыны, құрдас Сара,
Альбомыңа ерінбей.
Өзгесінен тұрсын дара
Бетіңдегі меңіңдей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу