Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  126


Автор: Ғафу Қайырбеков

Əлі күнге айныған жоқ

Əлі күнге айныған жоқ
Саған деген махаббатым.
Дамыл-дамыл қуантады
Құдіреттей сенің атың.
Сенің жаның ой-дүниемді
Білді ме əлде білмеді ме,
Жылдар өтті, жас жүрегің
Таза ма əлде кірледі ме?
«Ғафу» деген есімімді
Сол жүректен жоғалттың ба?
Мені тастап, басқа жанға
Кірпігіңнен оқ аттың ба?
Тым кешіккен махаббаттан
Тас та жеңіл арқаласаң,
Жар болсаң, кел, құшағыма ен
Аянымайтын балталасаң..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу