Өлеңдер ✍️
«Мцыри», «Хаджи Абрек», «Бастұнжы аул»,
«Мцыри», «Хаджи Абрек», «Бастұнжы аул»,
Ойнаған қанатында қара дауыл,
Мұңлы «Демон» – ғашығы Тамараның,
Ажалдың періштесі жолдары ауыр.
«Азаттықтың серісі ең ақырғы»,
«Измаил-Бей – Кавказдың ер-батыры,
Атақты «Біздің заман қаһарманы»,
«Эльбрус» аспаннан да Жер жақыны.
Бəрін де жазып шықты ол
дем алмастан.
Қиялы өткір еді ақ алмастан,
Шабыты ұшқыр еді ұшқан құстан, –
Жаңбырын жазда төкті қысқан қыстан.
Босатты ол от кернеген өстіп ішін,
Азабын, көрген қорлық, өкінішін,
Қолынан өзге дəурен жасап алып,
Өзгертіп дүниенің төрт бұрышын.
Өзі би, өзі патша, өзі құдай,
Обалға еш пендені көзі қимай,
Əлемді əлдиледі ол сəбиіндей, –
Ең соңғы көретұғын қызығындай.
Алланың құдіреті мен пайғамбардың
Қасиетін ол осылай жалғады əр күн.
Талайы көрді оны құз басында
Шипалы су ішуге барғандардың.
Бір күні жұмбақ сұлу жолықты оған,
Қырандай сот сағатта қалықтаған,
Ол-дағы биік құмар періште еді,
Жерінтіп, жер қызығы жалықтырған.
Сан рет махаббаттан ол ұшынып,
Опынған сүйгендері сорлы шығып –
Қыз емес, лапылдаған мынау бір от,
Деді ол: «Княжна Мэри» – қол ұсынып.
Тағы да торлады оны жер сайтаны,
Ұясын тыныштықтың сол шайқады.
Тірліктің ноқтасына тағы ілінді,
Ақынның аспанмен дос асау жаны...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter