Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  91


Автор: Ғафу Қайырбеков

Күн түскенде Венаға...

Күн түскенде Венаға,
Қарау екен бір бақыт.
Сəуле тарап санаңа,
Жүрегіңді тулатып.
Қос жанарың жасаурап,
Көз кіреуке сөгілер.
Кірпігіңнен нұр саулап,
Көкірегіңе төгілер.
Көк астында бір шеңбер,
Қала үстінде дөңгелек.
Жасайды онда күн серуен,
Сол шеңбермен өрмелеп.
Бұл – Венаның символы,
Баяғыдан бар мұнда.
Басылмаған сыңғыры,
Бар ғасырдың алдында.
Сол ғасырлар сонымен,
Сырғанаған – жоқ болған.
Тіршіліктің жолы кең,
Емес əлі тоқталған.
Қандай ұлы философ,
Ойлап мұны шығарған?!
Бар заңымен үйлесіп,
Дүние сөйлеп тұр алдан.
«Дүние – деген дөңгелек» –
Ел айтқаны – келгені.
Бар ма сенен керемет,
Уақыттың шеңбері!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу