Өлеңдер ✍️

Қаланың батыс бүйірінде...
Қаланың батыс бүйірінде,
Міңгескен бір-біріне.
Қап-қара мəңгі бұлттай,
Сірескен сəнді ұмытпай.
Братислава ауыр тəжі –
Жаңғырған дəуір сазы,
Ғаламат сарайлардың
Залдарын араладым.
Солардың алтын жалы,
Секілді «айна залы», –
Бұл жерде Франц Иосиф,
Наполеонмен басын қосып,
Қол қойған бітімдікке,
Бұл жерде салт-сəнімен
Бар король таққа мінген.
Сарайы Архиепископ,
Атқарған тарихи іс көп.
Атақты Мария Тереза,
Алғанда билікті бір өзі,
Осында тұрақталған,
Қайраты шыдатпаған,
Əйелдің жолбарысы, –
Тарихта қалған ісі.
Одан соң Красовский,
Сарайы – өзінше күшті үй.
Бір кезде сəулесінде айдың,
Күй тартқан осында Гайдн.
Замогы императордың,
Түріндей ерке батырдың.
Бəрінен айбыны асқан,
Өзінен ар жағы – аспан.
Осындай үш ғимарат
Тұрады үстен қарап,
Қаланың үш басындай,
Қоймайтын бұлтқа асылмай.
Братислава – алтын қазан,
Үшеуі соның тұтқасындай,
Төменде Дунай-сері,
Солардың жұптасындай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇