Өлеңдер ✍️
«Қош, есен бол Болгар елі!» –
«Қош, есен бол Болгар елі!» –
Дедік біздер, гүл құшақтап.
Шығарып сап, жолға мені,
Жасын іркіп, əдеп сақтап.
Қимағандай болды бір қыз, –
Бəлкім, ол сол – Болгария!
Көкірегі – аспан, жаны – жұлдыз,
Қойны – ыстық болған ұя.
Тарих көрдім, дəуір ұқтым,
Бау-бағыңнан жинадым бал.
Сендер бізге бауырлықтың,
Күшін əсем жырладыңдар.
Аппақ кеме толқындағы,
Көзіме оттай басылды əне!
Көтер жалау, шалқы тағы,
Алға қарап асық, кəне!
Төгілдік біз жағалаудан,
Сағынышқа шыдаған көп.
Бейне айнымай гүлді таудан,
Көк Дунайға құлаған кеп.
Алтын шапақ таң астында,
Қол бұлғаған адамдардан.
Алтын көпір жалғасты да, –
Ой толқыды одан да əрман.
Қоштасудың қиындығын,
Үйреніскен бауыр білер.
Дос тірліктің сұлулығын,
Қанаттасқан қауым білер.
Əлі де сол кеме үстінде,
Тік тұрған көп аяғынан.
Қарсы ұшады күміс күнге,
Біз айтатын баяғы əн:
«Хороша страна Болгария,
а Россия лучше всех».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter