Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2022
102
Сөздері аз ұқпағандай...
Сөздері аз ұқпағандай,
Сондықтан да тілі əсем.
Əлі Отаннан шықпағандай,
Сезінесің мұнда сен.
Мұнда кеңес адамына,
Бауырмалдық тым ыстық.
Əрбірінің қабағында,
Жарқыраған туыстық.
Тұтас көңіл жарылмаған,
Көріп жаның жайланар.
Бүкіл ұлт боп қабылдаған,
Меймандостық қайда бар?!
Азаттықты көп аңсаған,
Жырлап тұрған əр бір үй.
«Россия, сəлем саған,
Сəлем, бауырым!» дейді ылғи.
Не бір ғажап ғимараттар,
Көзге алыстан шалынған.
Орыс рухын мың мадақтап,
Соған арнап салынған.
Аяқ бассақ – бір ескерткіш, –
Ескі тарих, жаңа тарих.
Ол – Еркіндік. Ол – сонау күш,
Айтып жатқан сан қайтарып.
Бір тарихта екі қайта,
Азат еткен болгарларды.
Россияға сүйеп арқа, –
Ризалықпен қалған мəңгі.
Қайран халық аянбаған,
Қызметінен жылдап соның.
Қандай əсем баяндаған,
Азаттықтан қымбат жоғын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter