Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2022
90
Музейлерді аралаймын...
Музейлерді аралаймын,
Тарих маған тіл қатады.
Сырын ұғып талай жайдың,
Жүрегіме мұң батады.
Өлген орыс солдатының,
Кіп-кішкентай сандықшасы.
Сақталыпты онда ұлының,
Жалғыз тұлым – сарғылт шашы.
Сан жорықта бой тұмардай,
Сақтап байғұс жүрді мың күн.
Онда ошақтың оты бардай,
Көркі бардай тірлігінің.
Қайран əке махаббаты –
Құдірет бар ма шын өзіңдей!
Сол орыстың бір солдаты –
Бүкіл орыс мінезіндей.
Бар қуатпен тұр ол айтып,
Батырлық пен нəзіктікті.
Ешбір ақын енді қайтып,
Тауыса алмас жазып тіпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter